К 30-летию Независимости Казахстана | 09 сәуір 08:42

«Samruk-Kazyna Trust» қолдауымен 1 300 бала тегін оңалтудан өтті

Бұл қолдау Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында жүзеге асырылып жатқан «Дені сау балалар» жобасы аясында көрсетілді.

Өткен жылы 1 300 «ерекше» бала оңалту орталықтарында және «Балапан» ерте араласу орталығында көмек алды. Оның ішінде 707 бала қызметті онлайн режимде алса, тағы 593-і оффлайн көмекке ие болды.

Жоба БЦП және тірек-қимыл аппаратының басқа да бұзылулары бар балаларды тегін оңалтуға бағытталған. Бұл жобаны «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен «Қасиетті жол» қоры жүзеге асыруда.

Орталықтар:

«Балапан» ерте араласу орталығы (Нұр-Сұлтан қ., Рысқұлов к-сі, 8, №1 перинаталдық орталық, В блогы, +7 701 240 71 31); «Қасиетті жол» оңалту орталығы (Нұр-Сұлтан Қ., Қошқарбаев к-сі, 64, № 2 қалалық балалар ауруханасы, +7 701 777 80 52); «Kzhol Shymkent» оңалту орталығы (Шымкент қ., Нұрсәт ш/а, 125 құрылыс, Облыстық балалар ауруханасы, +7 701 240 71 31).