Жобаның бюджеті 185 млн теңгені құрайды. Қазіргі уақытта мектеп заттарын жеткізу аяқталып, сыйлық жиынтықтары тапсыруға дайын тұр. «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Мектепке жол» акциясы 19 тамызда басталып, 1 қыркүйекте аяқталады. Сыйлық жиынтықтарын жеткізу және тарату Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Павлодар және Абай облыстарында «Самұрық-Қазына» АҚ тобы кәсіпорындарының волонтерлері мен қызметкерлерінің күшімен жүзеге асырылатын болады.
Қор үшін өскелең ұрпаққа, әсіресе өңірлерде жағдай жасауға және көмек көрсетуге байланысты мәселелер басым болып табылады.
«Samruk-Kazyna Trust» қорының мұраты: «Самұрық-Қазына» АҚ тобы орналасқан өңірлерге баса назар аудара отырып, барша халықтың әлеуметтік-экономикалық тыныс-тіршілігін жақсартуға жәрдемдесу.