«Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Samruk Umiti» жобасының жаңа кезеңі басталды. 2025 жылы іске қосылған бастама балалар үйлерінің 8–9 сынып оқушыларын біріктіріп отыр. Бір жыл бойы жасөспірімдерге болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға бағытталған жүйелі кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді.
Бүгінде жобаның келесі кезеңіне өткен 30 қатысушы оқуды колледждерде жалғастыруда. Павлодар және Өскемен қалаларында жасөспірімдердің Қор тобы компанияларының тәлімгерлері мен басшыларымен кездесулері өтті.
Іс-шара қорытындысы бойынша «тәлімгер – қатысушы» жұптары қалыптастырылды.
Әрбір жасөспірімге кәсіби даму, бейімделу және мансаптық бағдар мәселелері бойынша сүйемелдейтін жеке тәлімгер бекітілді. «Samruk Umiti» жобасын Қордың бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk Kazyna Trust» корпоративтік қоры жүзеге асырады.