Айта кеткен жөн, "Интер РАО" компаниясы өзінің Екібастұз ЖЭС-2 нысанындағы акцияларын нарықтық шарттарда сатып жатыр. Дегенмен мәміленің бағасы келісім аяқталғанға дейін жария етілмейді. Сондай-ақ, бұған дейін Қорда бұл станцияның 50% акциясы болғандықтан, қалған активтерді иемденуі қисынды болып саналады.
Мәміленің жабылуы белгілі шарттардың орындалуына, оның ішінде басқару органдарының бұл мәмілені мақұлдауына, несие беруші банктердің ЕЖЭС-2 станциясының акционерін ауыстыруға келісімін алуына және тағы басқа белгілі бір жайттарға байланысты екенін атап өткен жөн.
Сонымен қатар, "Интер РАО" компаниясы, ЕЖЭС-2 құрамынан шығу туралы шешімін негізгі нарық – Ресейде жұмыс істеуге барынша күш салу ниетімен түсіндіріп отыр. Мәселен, көрші елде, таяу арада өндіруші қондырғыларды жаңғырту бағдарламасы басталып, тиісінше Интер РАО оған белсенді атсалыспақ.
"Интер РАО" ААҚ-да, Екібастұз ЖЭС-2 үлесін сату жөніндегі мәміле аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасында активтері болмайды.