Кездесулерде «Самұрық-Энерго» АҚ мен Қазақстан Республикасының аумағында энергетикалық объектілерді бірлесіп салу, жаңғырту және реконструкциялау жөніндегі қытайлық әріптестер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.
Қытайлық компаниялар ЖЭК нысандарын, гидро электр станцияларын, маневрлік энергия көздерін салуда қолданылатын соңғы әзірлемелер мен технологиялық шешімдерді ұсынды.
Қазақстандық компанияның өкілдері шығарындыларды қысқарту және шартты отын шығыстарын азайту бөлігінде көмір станцияларын қайта құру және жаңғырту бойынша жаңа технологиялармен танысты.