К 30-летию Независимости Казахстана | 19 ноября 11:24

Самұрық-Энерго басшысы «Түркістан» БГҚ құрылысының барысымен танысты

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Аңсар Айдаров Түркістан облысының Сайрам ауданында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ электр станциясы құрылысының барысымен танысты. Негізгі алаңдағы жұмыстардың жалпы орындалу деңгейі 81,7%-ды құрайды. Станцияның жекелеген нысандарында іске қосу-баптау жұмыстары басталды.