Орналастырудан түскен қаражат Халықаралық капитал нарықтары қауымдастығының (ICMA) жасыл облигациялар қағидаттарына (GBP) сәйкес тиімді жасыл жобаларды қаржыландыруға жұмсалатын болады.
Компанияның жасыл облигацияларын шығару және орналастыру жөніндегі Лид-менеджері болып «Қазақстан Халық Банкі» АҚ еншілес ұйымы «Halyk Finance» АҚ белгіленді.
«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Сұңғат Есімханов Компанияның жаңа даму стратегиясында көзделген жасыл энергияға қатысты жоспарларды іске асыруда жасыл энергетикаға инвестициялаудың зор маңызын алға тартады.
«Қазақстан, бүкіл әлем сияқты, жаңартылатын энергия көздерін кеңінен пайдаланудың 4-ші энергетикалық көшу кезеңіне аяқ басты, табиғи қуат көздері уақыт өте келе қазбалы отын түрлерін – мұнай мен көмірді ығыстырып шығарады. Осыған байланысты «жасыл экономикаға» көшудің жаһандық трендтері, стейкхолдерлердің ESG-талаптары Самұрық-Энерго үшін жаңа сын-тегеуріндерге айналып отыр. Осындай кезеңде Компания өзінің Даму стратегиясында «жасыл» экономикаға көшу бағытын белгілеп, оған қол жеткізуде нық қадамдар жасауда. Біз Жасыл қаржы орталығына, «Halyk Finance» және АХҚО қор биржасына үйлесімді жұмыстары үшін алғысымызды білдіреміз», – деді «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Сұңғат Есімханов.
Жасыл облигациялардың дебюттік шығарылымы Жасыл қаржы орталығының қолдауымен жүзеге асып отыр, орталық қажетті консультациялық қолдау көрсетіп, Екінші пікір форматында (Second Party Opinion) тәуелсіз қорытынды берді.
«Біз «Самұрық-Энерго» АҚ сынды ел экономикасы үшін маңызы зор ірі компаниялардың «жасыл рельстер» жолына түсуіне өте қуаныштымыз, жүргізіліп жатқан осындай игі шаралар біздің жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты тұрақты дамудың қаржылық құралдарын енгізумен айналысатын даму институты ретіндегі жұмысымыздың басты көрсеткіші болып табылады», – деп атап өтті Жасыл қаржы орталығының Бас директоры Айдар Қазыбаев.
Қоғам облигациялары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ портфельдік компаниясы Эмитент болған және АХҚО биржасының жасыл қағидаттарына сәйкес шығарылған алғашқы бағалы қағаздар болды. Қоғам үшін экологиялық және әлеуметтік пайдасы бар инвестициялық жобаларды қолдау АХҚО-ны дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Ірі электр энергетикалық холдингтің АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруы Қазақстандағы ESG инвестициялаудың дамуына, сондай-ақ экономиканың «қоңыр» секторларындағы компанияларды іске қосуға жаңа серпін беретін маңызды оқиға болып табылады.