«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобына кіретін «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС ЕҚЫҰ Энергетикалық ауысу жөніндегі жаһандық әйелдер желісінің (GWNET) қатысуымен ұйымдастырған Орталық Азияның энергетика секторындағы әйелдердің кәсіби даму бағдарламасына қатысушылардың халықаралық делегациясын қабылдады.
Жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамытудағы қазақстандық тәжірибемен танысу үшін Ақмола облысының Ерейментау қаласы маңында орналасқан Бірінші жел электр станциясы таңдалды. Сапар барысында қатысушылар станцияның инфрақұрылымымен, жел энергетикалық қондырғыларын пайдалану ерекшеліктерімен және Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайларында жаңартылатын энергия көздерін қолданудың практикалық қырларымен танысты.
Бірінші жел электр станциясы — Қазақстандағы өнеркәсіптік жел энергетикасының алғашқы ірі жобаларының бірі. Станция 2015 жылы пайдалануға берілді. Іске қосылған сәттен бері өндірілген электр энергиясының жалпы көлемі 1,57 млрд кВт·сағ-тан асты. Іс-шара ЕҚЫҰ-ның «Энергетикалық қауіпсіздік пен тұрақты даму үшін Орталық Азияның энергетика секторындағы әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге жәрдемдесу» халықаралық жобасы аясында өтті.
Жоба әйелдердің кәсіби және көшбасшылық құзыреттерін дамытуға, олардың энергетика саласына қатысуын арттыруға бағытталған.