К 30-летию Независимости Казахстана | 01 июня 13:02

Самұрық-Энерго компаниялар тобының XI Спартакиадасы аяқталды

 Алматыда «Самұрық-Энерго» АҚ-ның компаниялар тобы қызметкерлерінің XI Спартакиадасы өтті. Бұл шараға Қоғам мен еншілес ұйымдардың 600-ге жуық қызметкері қатысты.

 Ашылу салтанатында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов құттықтау сөзінде спорттың командалық рухты нығайтудағы және жоғары нәтижелерге ұмтылудағы маңызды рөлін атап өтті.  

«Қызметкерлердің белсенді әрі салауатты өмір салтын ұстануын қолдау – «Самұрық-Энерго» АҚ-ның әлеуметтік саясатының маңызды бағыты. Біз алдағы уақытта да корпоративтік мәдениетті дамытуға және ұжымдарымызда спортты насихаттауға қолайлы жағдай жасаймыз», – деді Қайрат Мақсұтов.

Ашылу салтанатының құрметті қонақтары қатарында танымал қазақстандық спортшылар - Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпаздары мен жүлдегерлері болды.  Жарыс бағдарламасы спорттың 13 түрін қамтыды: футбол, волейбол, баскетбол, жүзу, киберспорт, армрестлинг, үстел теннисі, шахмат, жеңіл атлетика, сондай-ақ ұлттық спорт түрлері.

Тартысты бәсекенің қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның құрамасы 1-ші орынды иеленді, «Алматы электр станциялары» АҚ-ның командасы 2-ші орынға тұрақтады, ал «Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-ның құрамасы 3-ші орынға ие болды.