К 30-летию Независимости Казахстана | 25 маусым 09:25

Самұрық-Энерго мен ҚТЖ Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті деп хабарлайды Қордың баспасөз қызметі. Кездесу барысында "Самұрық-Энерго" АҚ Директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды. Атап айтқанда, "Самұрық-Қазына" АҚ өкілі болып Алмат Жәмиев сайланды.

Сондай-ақ, "Самұрық-Энерго" АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры Лука Сутераның (Luca Sutera) өкілеттігі 1 жылға ұзартылды. 

"Самұрық-Қазына" АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Бейбіт Қарымсақов "Самұрық-Энерго" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Қор Басқармасының шешімімен "Самұрық-Энерго" АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері Нұрлан Рахметовтың және Анатолий Спицынның өкілеттігі тоқтатылды.

Сонымен қатар, "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры Серік Святов қызметінен кетті.