К 30-летию Независимости Казахстана | 13 октября 08:05

Самұрық-Энерго Алматыдағы өзінің барлық ЖЭО-н газға көшіреді

«Самұрық-Энерго» АҚ Алматы 3-ЖЭО-н жаңғырту жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге кірісті.

Үшінші жылу электр орталығын көмірден газға көшірудің мүмкіндігін компания 2019 жылы алдын-ала есептеп, талдау жасаған болатын. Бұл жұмыс аясында станцияны Алматының газ желісіне қосудың техникалық шарттары да қарастырылды. 

Алдын-ала жүргізілген зерттеудің материалдары қазіргі уақытта компанияның Инвестициялық-инновациялық кеңесі мен Басқармасына жіберілді. Бұл орайда, жоба Қордың өз қаражаты не бюджет қаражатына жүзеге асырылатыны бойынша жалпы қаржыландыру көзіне қатысты сұрақтар талқылануда.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдан бастап Алматы 1-ЖЭО толығымен газ отынға көшірілді. Қоршаған ортаға тигізетін әсерін мейлінше азайту жобасы аясында 2020 жылы Алматы 2-ЖЭО-н жаңғырту және газға көшіру туралы шешім қабылданды. Бұл ауқымды іс-шаралардың бәрі компанияның тұтынушыларды жылу және электр энергиясымен сенімді түрде қамтамасыз ету, мейлінше тиімді технологияларды енгізу есебінен қоршаған ортаға тигізетін экологиялық әсерін азайту жөніндегі негізгі стратегиялық мақсатына сай келеді.