Осылайша, еліміздің ең ірі энергетикалық холдингі «Самұрық-Энерго» АҚ энергетиктердің кәсіби мерекесі аясында тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерін артығымен орындап отыр.
Бұл ретте Екібастұз ГРЭС-1, Мойнақ және Шардара ГЭС-тері (сәйкесінше 101, 140 және 116%-ға) жылдық өндіру жоспарын жыл аяқталмай жатып-ақ орындады. Жыл қорытындысы бойынша, «Самұрық-Энерго АҚ компаниялар тобының электр энергиясын өндіру көлемі шамамен 35,3 млрд кВтсағ. немесе жоспарланған көлемнің 102%-ын құрайды деп күтілуде.
«Самұрық-Энерго» АҚ – акцияларының 100% «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі Қазақстандағы ірі электр энергетикалық холдинг. 2007 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары кіреді, оның ішінде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д.Қантаев атындағы Мойнақ СЭС» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және басқалары бар.