К 30-летию Независимости Казахстана | 03 қазан 09:17

Самұрық-Энерго: ұжымдық шарт үздік деп танылды

Жамбыл облысында өткен Жұмысшы жастардың республикалық форумында «Самұрық-Энерго» АҚ мен оның еңбек ұжымы атынан «Самұрық-Энерго» Жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі арасында қол қойылған Ұжымдық шарт форумға қатысушылардың жоғары бағасы мен қолдауына ие болды.

Көпшіліктің ортақ пікірінше, ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуге қаратылған құжат еңбек өнімділігін арттыруға оң ықпал етеді және жұмыс берушінің кәсіподақпен серіктестік қатынас орнатуына көмектеседі.

Форум жұмысына «Самұрық-Энерго» энергия холдингінің де жас мамандары, атап айтқанда, оның құрамындағы компаниялар тобының  - «Шардара СЭС» АҚ, «Мойнақ СЭС» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «АлЭС» АҚ, «АЖК» АҚ өкілдері қатысты. 

Форум делегаттарының бірі, «Самұрық-Энерго» АҚ бөлім басшысы Әнуар Әбітаевтың сөзінше, шара бір демнің ішінде, ақпараттық баяндамаларға, «сұрақ-жауап» сессиясы кезіндегі қызу пікірталастарға толы өтті.

«Талқылаулар барысында Қазақстандағы еңбек нарығын дамыту тақырыбына, еңбек ұжымдарындағы дауларды реттеудің заңдық мәселелеріне, сондай-ақ заманауи сын-қатерлер: цифрландыру, интеграциялану, ЕАЭО бірыңғай еңбек нарығының жұмыс істеуі жағдайында жұмыспен қамту нарығын дамыту мәселелеріне айрықша назар аударылды. Әлеуметтік әріптестікті дамытудың, оның ішінде, ұжымдық шарттардың әлеуметтік бөлігін күшейтудің қажеттілігіне баса мән берілді», - дейді ол.

Еске сала кетсек, жастар арасындағы кәсіподақ қозғалысын дамытуға арналған шарадағы мотивациялық сессия аясында ел өңірлерінен жиналған жастарға Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығы тарапынан Кәсіподақ көшбасшылығы мектебі таныстырылды.