Негізгі өндірістік үдерістерді цифрландыру және автоматтандыру «Самұрық-Энерго» АҚ дамуының басым бағыттарының бірі болып табылады және электр станцияларының тиімділігін, сенімділігі мен экологиялық тұрақтылығын арттыруға бағытталған.
Компаниялар тобында бірқатар маңызды цифрлық бастамалар іске асырылды:
Электр станцияларындағы технологиялық процесстерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі - нақты уақыт режимінде технологиялық ақпаратты автоматты түрде жинау және өңдеу, қазандықтардың, турбиналар мен генераторлардың жұмысын оңтайландыру.
Электр энергиясын есепке алудың автоматтандырылған жүйесі және SCADA — желінің барлық деңгейлеріндегі электр энергиясының коммерциялық есебі, шығындарды азайту, қосалқы станциялар мен электр беру желілерінің жедел мониторингі, қуаттарды басқару және режимдерді бақылау.
Шығарындыларды автоматты түрде мониторингтеу жүйелері — ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне деректерді жинау және онлайн жіберу, тұрақты мониторинг және уақтылы әрекет ету.
Ақпараттық мониторинг орталығы - нақты уақыт режимінде топтың барлық кәсіпорындарынан өндірістік деректерді жинау мен талдаудың бірыңғай платформасы. Орталық онлайн бақылауды жүзеге асыруға және уақтылы басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді.
«Самұрық-Энерго» АҚ заманауи технологиялық шешімдерге сүйене отырып, өндірістік тиімділікті арттыруды және орнықты дамуды жалғастыруда.