К 30-летию Независимости Казахстана | 20 тамыз 18:34

«Самұрық-Қазына» 12 мың оқушыны мектепке дайындайды

«Самұрық-Қазына» қоры бүгін «Мектепке жол» акциясы аясында Қазақстан өңірлеріне бірінші сынып оқушыларына арналған мектеп заттарынан құралған сыйлық жиынтықтарын жібереді.

Мектепке қажетті құрал-жабдықтар салынған рюкзактар 12 мың балаға беріледі. Рюкзак ішінде дәптерлер, қарындаштар, қаламдар, сызғыштар – мектеп қоржынында оқуға қажетті барлық нәрсе бар.

Атаулы көмек Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Павлодар облыстарының, сондай-ақ Абай облысының жергілікті атқарушы органдарының ұсынған тізімдеріне сәйкес, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан отбасыларға үлестіріледі.

Сыйлықтарды жеткізумен және тапсырумен «Самұрық-Қазына» тобының волонтерлері мен қызметкерлері айналысады. «Мектепке жол» акциясы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Жобаның бюджеті 185 млн теңгені құрады.