К 30-летию Независимости Казахстана | 13 октября 11:22

«Самұрық-Қазына» 20 жылдық мерейтойын атап өтуде

Қордың тарихы 2006 жылы «Самұрық» холдингі мен «Қазына» қорының құрылуынан басталды.

2008 жылы олар бірігіп, мемлекеттік активтерді басқарудың бірыңғай жүйесінің негізін қалады.

Бүгінде «Самұрық-Қазына» – 96 млрд АҚШ долларынан астам активті басқаратын холдинг. Ол әлем бойынша ұлттық әл-ауқат қорлары тізімінде 21-орын алады.

Қордың компаниялары тобында Қазақстан экономикасының мұнай-газ бен энергетика саласынан бастап, көлік және авиацияға дейінгі негізгі салаларында қызмет ететін ондаған кәсіпорын мен 255 мыңнан астам қызметкер бар.

«Самұрық-Қазына» қорының 20 жылдық мерейтойы құтты болсын!