К 30-летию Независимости Казахстана | 30 қараша 15:03

Самұрық-Қазына 4 жылда Түркістан облысында 1,8 млрд теңгеге әлеуметтік жобаларды іске асырды

Жобалар саны – 23.

Соның бірі еліміздегі жалғыз арнаулы кәсіптік колледж. Биылғы оқу жылында «Самұрық-Қазына» Қоры мүмкіндігі шектеулі студенттерге лифт орнатып берді. Жобаның құны 36 млн теңге. Сондай-ақ, Қор «Саламатты Болашақ» жобасын жүзеге асырды. Бүгінде жоба аясында ерекше балалар бейімделген спортпен шұғылданады.

Олар белсенді өмір салтын ұстанып, бочча секциясы арқылы ой-санасын сергітеді, денесін шынықтырады. Қазіргі таңда еліміздің 21 қаласында жыл сайын 1000-нан аса ерекше бала спорттың 10 түрінен тегін секцияларға қатысып жүр. Жобаның құны 582 млн теңге.

 

Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» Қорының қолдауымен мүмкіндігі шектеулі түркістандық төрт азамат қолдан саңырауқұлақ өсіріп, өз кәсіптерін дөңгелетіп отыр.

Қор аталмыш жобаға 3 млн теңге грант бөлген. Жоба өңір халқының жұмыспен айналысуына өз септігін тигізуде.