К 30-летию Независимости Казахстана | 13 апреля 16:20

«Самұрық-Қазына» AIX алаңында алғаш рет панда-облигацияларды орналастырды

Астанада Қазақстан мен Орталық Азия тарихында алғаш рет «Самұрық-Қазына» қоры Қытайдың ішкі нарығына шығарған панда-облигацияларының салтанатты листинг рәсімі өтті.

Көлемі 3 млрд юань, айналым мерзімі 3 жылды құрайтын дебюттік облигацияларды шығару рекордтық төмен кірістілікпен — жылдық 2,18% деңгейінде орналастырылды. Бұл қытайлық институционалдық инвесторлардың жоғары сенім білдіретінін (қордың кредиттік рейтингтері – дербес рейтинг деңгейінде) көрсетеді және эмитенттің жоғары кредиттік сапасын растайды. Аталған мәміле өңірдегі маңызды атаулы оқиғаға айналды: - Қытайдың ішкі қарыз нарығына тікелей қатысу мүмкіндігі пайда болды - капитал нарығын дамытуда жаңа кезеңге жол ашты - халықаралық қаржыландыру мүмкіндіктері кеңейтілді Рәсімге «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығы, халықаралық қаржы институттарының өкілдері, жетекші андеррайтерлер мен мәміле серіктестері, соның ішінде Bank of China, China International Capital Corporation, China Construction Bank, Deutsche Bank (China) өкілдері, сондай-ақ заң кеңесшілері қатысты.

 

 

«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов: «Бұл – жаһандық капитал нарықтарына қатысу жолындағы маңызды қадам — біз алғаш рет Қытайдың ішкі нарығына шықтық. Облигацияларды орналастыру инвесторлардың қорға, оның қаржылық тұрақтылығына деген сенімдерінің жоғары екенін көрсетті», – деді. Жақыпов қаражат «Самұрық-Қазына» тобының негізгі инвестициялық жобаларын іске асыруға бағытталатынын айтты.

Салтанатты шара соңында Astana International Exchange алаңында сауданы іске қосу рәсімі өтті: іс-шараға қатысушылар сауданың басталғанын білдіретін батырманы басып, биржадағы панда-облигациялардың айналымын ресми түрде ашты.