К 30-летию Независимости Казахстана | 21 қараша 09:15

«Самұрық-Қазына» АҚ 2024 жылы мемлекет пайдасына 1,3 трлн теңге бөлді

Қор 53,5 трлн теңгеден астам сомаға 130 инвестициялық жобаны жүзеге асыруда.

2024 жылы Қор мемлекет пайдасына 1,3 трлн теңге бөлді.

Оның ішінде: 

Дивиденд ретінде мемлекет бюджетіне 579 млрд теңге; Үкіметтің тапсырмасы аясында әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға 228 млрд теңге бөлді. Бұл қаражат медициналық орталықтар, әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үйлер құрылысына және басқа да әлеуметтік жобаларға жұмсалды.  Экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында, елді мекендерді газдандыруға 105 млрд теңге; Экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында, жалға берілетін тұрғын үй құрылысы бағдарламасын қаржыландыру үшін 272 млрд теңге; Қайырымдылыққа 10 млрд теңге (қайырымдылыққа жыл сайын бөлінетін сома); Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 22 млрд теңге бөлді. 50 млрд теңге «Қазақстан халқына» ҚҚ-на аударылады. 

Бұған дейін дивидендтерді төлеу және әлеуметтік жобаларды қаржыландыру бойынша қабылданған шешімдерді ескере отырып, Қордың 2023 жылғы қаржылық есебін бекіту туралы Үкімет шешімі шеңберінде қосымша дивидендтер төлеу қарастырылмаған.

Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» АҚ 53,5 трлн теңгеден астам сомаға 130 инвестициялық жобаны жүзеге асыруда.