К 30-летию Независимости Казахстана | 24 қазан 15:40

«Самұрық-Қазына» АҚ Ақмола облысында 4 инклюзия кабинетін ашты

Желтоқсанда тағы бір сынып Көкшетауда ашылады.

«Самұрық-Қазына» АҚ Ақмола облысында 4 инклюзия кабинетін ашты. Жаңа инклюзивті кеңістіктер Оразақ, Қызылжар, Қараменді және Ы.Алтынсарин атындағы ауылдарда пайда болды.

 

Желтоқсанда тағы бір сынып Көкшетауда ашылады. Кабинеттерді жабдықтауға 87,3 млн теңге жұмсалды. Жоба 120 ерекше қажеттіліктері баланы қамтиды.

Осыған дейін қыркүйек айында Қор қолдауымен осындай 5 кабинет Астана қаласында іске қосылды.