Тұрғындарға өңірдегі әлеуметтік жобалардың орындалу барысы туралы ақпарат берілді, сондай-ақ Қордың қолдауымен Жаңаөзен қаласында іске асырылған жобалар таныстырылды.
Жаңаөзенде «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы кейінгі жылдары бірнеше маңызды әлеуметтік жобаны жүзеге асырып жатыр. Оның қатарында мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді ем жасайтын «Балақай» оңалту орталығы, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған тегін инклюзивті және бейімделген спорт секциялары қарастырылған «Саламатты Болашақ» жобасы, өңірдегі мектептердің материалдық-техникалық базасын жаңартатын «Жарылқау» жобалары бар.
Айта кетейік, биыл Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Самұрық-Қазына» АҚ таза табысының 7 пайызын «Қазақстан халқына» әлеуметтік қорына аударады.