Құжатта жер қойнауын пайдалану және геологиялық барлау салаларындағы инвестициялық жобаларды іздеу, бағалау және іске асыру бойынша бірлескен жұмыстар қарастырылған.
Қазақстан тарапынан келісімге «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов, ал Кения тарапынан NAMICO бас директоры Джозеф Китилит қол қойды.
National Mining Corporation Kenya — елдің минералдық-шикізат базасын дамыту саласында мемлекеттік саясатты іске асыратын Кения Республикасының мемлекеттік тау-кен компаниясы.