К 30-летию Независимости Казахстана | 14 сентября 18:24

«Самұрық-Қазына» АҚ мұнай-газ активтері департаментінің директоры тағайындалды

Департамент басшылығына Нұрсұлтан Толқымбаев келді. Оның жалпы еңбек өтілі 19 жылдан асады, оның 15 жылдан астамы мұнай-газ саласына тиесілі.

«ҚазМұнайГаз» тобының құрылымдарында басшылық қызметтер атқарып, мұнай және мұнай өнімдерін өткізу, экспорттық операциялар, жеткізу тізбегін басқару, нарықтарды дамыту және халықаралық келісімшарттар бағыттарына жетекшілік етті. ️

Румынияда KMG International компаниясында логистика, коммерциялық қызмет және бизнесті дамыту бағыттарында жұмыс істеп, операциялық тиімділікті арттыру және шығындарды оңтайландыру бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізді.

Сондай-ақ, 4 жыл «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ның сату департаментін басқарған.