Шағын активтерді сату ҚР Үкіметінің 30.12.15 ж. №1141 қаулысымен бекітілген жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспары шеңберінде жүзеге асырылады. Екі мәміле да тікелей атаулы сату әдісімен іске асырылмақ.
Активтердің құны жалпы сомасы 117 млн теңгеге бағаланады. Жекешелендіру бағдарламасы бойынша сатудан түскен қаражат ҚР Үкіметі қорының жалғыз акционерінің шешімі негізінде бөлінеді.
«Востокмашзавод» АҚ – бұл Қазақстанның тау-кен өндіру және металлургия салаларының негізгі объектілеріне жақын орналасқан Өскемен қаласында 1958 жылы пайдалануға берілген машина жасау кешені. Кешен құю пештерінен бастап дайын өнімді механикалық өңдеуге дейінгі толық машина жасау циклінің барлық технологиялық бөліністерімен жабдықталған. Акционерлік қоғамның негізгі компаниясы – «ҚТЖ» ҰК» АҚ тиесілі «Қамқор» Жөндеу корпорациясы» ЖШС.
Intergas Finance B. V. – Компанияның жалғыз акционері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тиесілі «ҚазТрансГаз» АҚ. Негізгі қызмет түрі – компанияларды қаржыландыру, облигацияларды шығару арқылы қаражат тарту, банктік қаржыландыру және тағы басқа.
Қазіргі уақытта ҚР Үкіметі бекіткен жекешелендіру жоспары 84%-ға аяқталды:
89 актив сатылды: 11-і қайта ұйымдастырылды: 42-сі таратылды.Қазіргі уақытта шығару процесіне «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 8 ірі және 18 шағын компаниясы қатысады.