Мысалы, 2024 жылы Қордың портфельдік компаниясы «Самұрық-Энерго» қазақстандық тауар өндірушілерімен 5,5 миллиард теңгеге оффтейк-келісімшарттар жасасты.
Ал 2023 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы 2,2 миллиард теңгеге оффтейк-келісімшарттарға қол қойған. Осылайша, 2024 жылы өсім 148% немесе 3,3 миллиард теңгеге жетті.
2024 жылдың 9 айында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның отандық тауар өндірушілердің қатысуымен жүргізілген сатып алуларының жалпы сомасы 25,5 миллиард теңгеден асты.