Оның қызметкерлері сатып алу мониторингін жүргізеді және жеткізушілерден түскен өтініштерді бақылауға алып, шұғыл қарастыруды қамтамасыз етеді.
Биыл төрт айда қызмет осындай 2 574 өтінішті қарады. 2023 жылы 6 мыңнан астам өтінішті өңдеді, яғни бұл күніне орта есеппен – 25 өтініш.
Мамандар барлық өтініштерді сатып алуды бақылау ережелері мен ҚР заңнамасына сәйкес мұқият талдап, қарайды. Бұзушылықтар анықталған жағдайда оларды жою үшін хабарламалар жібереді.
Бұл ретте Қордың zakup.sk.kz веб-порталында толық ашықтық қамтамасыз етілген. Сайтта «Шағымдар тізілімі» және «Нормативтік-құқықтық актілерге түсіндірме» сервистері жұмыс істейді. Сатып алу тәртібін жақсарту, оны ыңғайлы ету және процестерді автоматтандыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Толық ақпаратты бүгінгі инфографикадан оқи аласыз.