К 30-летию Независимости Казахстана | 11 августа 12:23

«Самұрық-Қазына» АҚ стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры тағайындалды

Бақытжан Таубаев «Самұрық-Қазына» АҚ стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалды.

 

Ол мұнай-газ саласында 15 жылдан астам еңбек етуде. «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау инженері» мамандығы бойынша Қазақстан-Британ техникалық университетін бітірген, сондай-ақ Турин политехникалық университетінде (Италия) мұнай-газ ісі бойынша магистр дәрежесін алған.

Әр жылдары мұнай-газ компанияларында басшылық және өндірістік лауазымдарды атқарған. 2023–2025 жылдары ҚР Энергетика министрлігінің газ өнеркәсібі департаментін басқарды.

2025 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының мүшесі – стратегия және активтерді басқару жөніндегі тең басқарушы директор.