К 30-летию Независимости Казахстана | 19 қаңтар 08:40

«Самұрық-Қазына» АҚ тобы Римде екі құжатқа қол қойды

Біріншісі – Қор мен Италияның «Cassa Depositi e Prestiti» ұлттық даму институты арасындағы ынтымақтастық туралы келісім.

Құжат өңдеу өнеркәсібіне, энергетикалық ауысу жобаларына (жаңартылатын энергия көздерін қоса алғанда) және логистикаға бағытталған көптеген бағыттар бойынша ынтымақтастықты қамтиды.

CDP – итальяндық ұлттық даму институты, Италияның экономикалық өсудің негізгі драйверлерінің бірі.

Екінші құжат – Қордың портфельдік компаниясы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен Eni арасындағы бірлескен түпкілікті инвестициялық шешім.

Тараптар Маңғыстау облысында жалпы қуаты 247 МВт гибридті электр станциясын салу жобасын бірлесіп жүзеге асыруда.