К 30-летию Независимости Казахстана | 13 ақпан 11:00

Самұрық-Қазына Атырау параволейболшыларына 3 млн теңгенің спорт жабдықтарын тарту етті

Жоба аясында Ақтөбе, БҚО, Атырау, Маңғыстау және Жамбыл облыстарының мүгедектігі бар адамдарға арналған клубтары мен мектептеріне отырып ойнайтын волейболға қажет еден жабындары, тіректер мен торлар жиынтығы, сондай-ақ волейбол доптары тегін табысталды.

Сонымен қатар, ҚР параволейбол командасы үшін жарақат алған кезде қалпына келтіру процестерін жүзеге асыру үшін қажетті криотерапия жүйесі сатып алынды. Аймақта 11 ерекше жан параволейболмен тұрақты шұғылданса, оның тоғызы ұлттық құрама мүшесі саналады.

 

Қазіргі уақытта команда биылғы жазда Астана қаласында өтетін Азия чемпионатында өнер көрсетуге дайындалуда. Егер ол жерде параволейболшылар жолдама ұтса, 2024 жылы Парижде өтетін Параолимпиада ойындарына жол ашылмақ.

Жалпы жобаның бюджеті 18 400 000 теңгені құраса, Атырау облысына берілген спорт жабдықтарының құны 2 924 000 теңге болды.