К 30-летию Независимости Казахстана | 25 шілде 12:51

Самұрық-Қазына басшысы АҚШ компанияларының өкілдерімен кездесті

«Самұрық-Қазына» АҚ және Цифрлық даму министрлігі басшылығынан құрылған қазақстандық делегация АҚШ-та Andreessen Horowitz және Lightspeed Venture Partners өкілдерімен кездесті.

Andreessen Horowitz – жетекші венчурлық компаниялардың бірі, Калифорния штатындағы Менло-Паркте орналасқан. Компания интернет, әлеуметтік медиа, мобильді қосымшалар, бұлттық есептеу, финтех, биотехнология және криптовалюта салаларындағы стартаптарға инвестиция салумен айналысады.

Lightspeed Venture Partners – венчурлық компания, штаб-пәтері Калифорния штатындағы Менло-Паркте орналасқан. Негізгі нвестициялық бағыттары: бұлттық есептеу технологиялары, жасанды интеллект, тұтыну тауарлары мен қызметтері, денсаулық сақтау және биотехнология, қаржылық технологиялар.