Вокзалды жаңғырту жұмыстары бір апта бұрын аяқталған. Ғимарат пен инженерлік жүйелер жаңартылып, жолаушылар үшін әлдеқайда қолайлы жағдай жасалды. Вокзалдың қауіпсіздігіне және барлық азаматтар, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін қолжетімді болуына ерекше назар аударылды.
Ақтөбе облысының басқа аудандарында да вокзал инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Шалқар және Шұбарқұдық вокзалдары жаңғыртылып, пайдалануға берілді. Тағы төрт нысанда (Алға, Жем, Қандыағаш және Қарауылкелдіде) жұмыстар жалғасып жатыр. «ҚТЖ» АҚ аталған нысандарды белгіленген мерзімде аяқтап, вокзалдарды қыркүйек айының басында ашуы тиіс.
Нысандардағы жұмыстардың аяқталуы қордың тұрақты бақылауында.
Сапар аясында «Самұрық-Қазына» басшысы «Қазақстан темір жолы» ұйымында дуалды оқудан өткен және теміржол саласындағы кәсіби жолын бастаған студенттерге еңбек кітапшаларын табыстады.