2022 жылғы 24 ақпанда Алмасадам Сәтқалиев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовпен кездесті.
Тараптар кезек күттірмейтін өзекті 11 инвестициялық жобаны жүзеге асыруды талқылап, «аталған барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамыту үшін әлеуеті мол» деп атап өтті.
«ЕАДБ сарапшылары Қазақстан экономикасының өсу динамикасының қарқынды дамуын болжап отыр. Осы ретте банк бірқатар жобаларды жүзеге асыруға, соның ішінде сумен жабдықтау саласында да қатысуға мүдделі», – деп атап өтті Николай Подгузов.
«Ірі, өзара тиімді жобаларды бірлесіп сәтті жүзеге асыру республикамыздың болашақтағы тұрақты дамуына айтарлықтай әсер етеді», – деді өз кезегінде қор басшысы.
Сонымен қатар, «СИБУР» АҚ басқарма төрағасы Дмитрий Коновпен те кездесу өтті.
Келісімдер аясында қазіргі уақытта қуаттылығы жылына 500 мың тонна өнім шығаратын полипропилен өндіретін зауытты іске қосу жұмыстары басталғаны айтылды. Бұл кәсіпорында кемінде 550 жергілікті тұрғын жұмыс істейтін болады.
Сондай-ақ әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті полиэтилен өнімін шығаратын зауыт құрылысының жобасы жүзеге асырылуда. Тұтастай алғанда, СИБУР-мен ынтымақтастық негізінде құрылатын жаңа заманауи газ-химиялық кешені – еліміздің осы өнімге сұранысын толық қанықтыруға, сондай-ақ әлемдік өндірушілермен бәсекеге түсуге мүмкіндік береді. Мемлекет Басшысының жұмыс орындарын көптеп ашу туралы тапсырмалары орындалады.
«Самұрық-Қазына» қорының басшысы сондай-ақ, «Goldman Sachs» басқарушы директоры Рияд Юсуф мырзамен де кездесті. Кездесу барысында тараптар өзара тиімді ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқыланды.
Айта кетейік, әлемдік ірі қаржылық конгломераттардың бірі «Goldman Sachs» бұған дейін «ҚазМұнайГаз» ұлттық мұнай-газ компаниясының IPO-ға дайындалу мандатын алған болатын.