К 30-летию Независимости Казахстана | 17 қараша 15:25

Самұрық-Қазына басшысы Қордың инвестициялық жобалары туралы айтты

Астанада жаһандық инвестиция бойынша қазақстандық дөңгелек үстел өтті.

Оған 500-ден аса жетекші халықаралық компаниялар мен отандық бизнес өкілдерінің, инвесторлардың, беделді сарапшылардың өкілдері қатысты.

Шарада «Самұрық-Қазына» Қорының басшысы Нұрлан Жақыпов сөз сөйледі.

 

Ол Қор атом электр станцияларына арналған отын жинақтарын шығаруда, жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды жүзеге асыруда Total Eren, Masdar, ACWA Power және China Power сияқты ірі халықаралық серіктестермен ынтымақтаса жұмыс істеп жатқандығын атап өтті.