Нұрлан Жақыпов кездесудің айрықша маңызы барын айта келе, ардагерлердің көп жылғы бай тәжірибесі Қордың даму стратегиясын айқындауда үлкен роль ойнайтынын атап өтті.
Кездесу барысында таза энергия, мұнай өнімдері және оларды қайта өңдеуге қатысты өзекті мәселелер сөз болды. Ардагерлер талқылауға белсенді қатысып, мұнай-газ саласын дамыту бойынша өз ұсыныстары мен пікірлерін айтты. Сондай-ақ, болашақ стратегиялық қадамдарды жоспарлауда ескеру қажет маңызды мәселелерді атады.