Компания басшылығының есептерін қарау барысында бірінші тоқсан қорытындысы бойынша оң қаржылық нәтижелер атап өтілді.
Негізгі көрсеткіштер:
2026 жылдың I тоқсанында негізгі қызметтен 131,7 млрд теңге табыс түсіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42%-ға жоғары болды; 2026 жылдың I тоқсанындағы таза пайда 34,4 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңінен 85%-ға артты.«KEGOC» компаниясы ұлттық энергия жүйесін дамытуға бағытталған стратегиялық инвестициялық жобаларды жалғастыруда. Елдің батысында энергия жүйелерін біріктіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, 600 шақырымнан астам электр желілері мен қосалқы станциялар салу, оңтүстікте желілік инфрақұрылымды күшейтіп, «Алматы-Жамбыл» бағыты бойынша Солтүстік–Оңтүстік транзитінің өткізу қабілетін 440 МВт-қа арттыру жұмыстары атқарылуда. Екі жобаны да мерзімінен бұрын 2027 жылы аяқтау жоспарланған.
Сонымен қатар, ЖИ технологияларын енгізіп, компанияны цифрландыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осылайша, KEGOC. AI жобасы AI Governance Cup байқауында квазимемлекеттік сектордағы үздік жоба деп танылды. Жасанды интеллект негізіндегі жүйе жүктемені болжауға және Қазақстанның энергия жүйесінің сенімділігін арттыруға көмектеседі.