MOL – Венгрияның ең ірі мұнай-газ компаниясы. Ол көмірсутектерді барлау мен өндіру, тасымалдау, сондай-ақ магистральді газ құбырлары желісін қолданумен айналысады.
«ҚазМұнайГаз» бен MOL компаниясы арасында қол қойылатын келісім серіктестігімізді жаңа деңгейге шығарады деп сенемін», – деді Жақыпов.
Компания Рожков газконденсаттық кен орнын игеру жұмыстарына қатысады.
Қазақстанның мұнай-газ секторындағы MOL ұйымының қызметі екі ел арасындағы ынтымақтастықтың флагмандық экономикалық жобасы болып саналады.