Төрағаның айтуы бойынша, биылғы жылдың қаңтар-шілде айларында 107 млрд теңгеге 155 офтейк-келісімшарт жасалды. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 7,5 есе көп. Бұдан бөлек, 182 млрд теңге болатын 24 жоба қаралу үстінде.
Жыл басынан бері отандық өндірушілермен жалпы құны 689,5 млрд теңгеге тауар жеткізу үшін 7 532 шарт жасалды. Жалпы, бүгінгі таңда отандық өндірушілерді қолдау үшін 15-тен астам шара көзделген. Бұл шаралар сатып алудың барлық кезеңдерін, яғни сатып алуды жоспарлау және жариялау және шартты орындауға дейінгі аралықтарды түгел қамтиды.
Сонымен қатар, Нұрлан Жақыпов Президенттің экономиканы ырықтандыру туралы Жарлығына сәйкес Қордың сатып алу тәртібіне енгізу жоспарланып отырған өзгерістерге тоқталып өтті:
Бәсекеге қабілетсіз сатып алудың үлесін азайту. Күнделікті және/немесе апта сайынғы қажеттілікке қарай бір көзден алу тәсіліндегі сатып алуды шектеулі қатысушылар арасында баға ұсыныстарын сұрату арқылы сатып алуға әдісіне ауыстыру ұсынылады; Бәсекелесті сатып алуды арттыру. Сатып алу көлемінің ұлғаюына байланысты шарт құнын ұлғайту мүмкіндігіне шектеулер енгізу ұсынылады; Демпингке қарсы шараларды жетілдіру. Тауарлар бойынша демпингті есептеу әдістемесін қайта қарау ұсынылады; Сенімсіз жеткізушілерді сатып алу процесінен аластату. Жеткізуші шартты орындау кезінде тендер кезінде мәлімдеген техника мен жабдықты ұсынуы тиіс.