Тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Кездесу барысында Қазақстан президентінің Өзбекстанға сапары аясында қол қою жоспарланған «Самұрық-Қазына» мен Қайта құрылымдау және дамыту қоры арасындағы Негіздемелік келісімнің маңызы туралы айтылды.
Құжат Қазақстан мен Өзбекстан арасында инвестиция тартуға және экономикалық әріптестікті нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Нұрлан Жақыпов Өзбекстан өкілдеріне жылы қабылдағандары үшін алғыс білдіріп, «Самұрық-Қазына» қорының Өзбекстанның Қайта құрылымдау және дамыту қорымен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін айтты.