Полиэтилен жобасы ішкі және сыртқы нарықтарға арналған полиэтилен өндіретін заманауи газ-химия кешенін құруға бағытталған. Бұл – қордың флагмандық бастамаларының бірі әрі ел экономикасы үшін стратегиялық маңызды жоба.
Кешенді 2028 жылдың соңында іске қосу жоспарланған. Кәсіпорын сұранысқа ие полиэтиленнің 20-дан астам түрін, оның ішінде жоғары тығыздықтағы полиэтилен (HDPE) мен тығыздығы төмен желілік полиэтиленді (LLDPE) өндірмек.
Өнімнің шамамен 40%-ын премиум санаттағы тауарлар құрайды. Өндіріс көлемі әлемдік деңгейдің шамамен 1%-ына жетеді деп күтілуде, ал зауыт ауқымы мен технологиялық жабдықталуы жағынан әлемдегі ірі кәсіпорындардың бірі болмақ.
Tecnicas Reunidas – құрылыс және жобаларды басқарумен айналысатын халықаралық EPC-компания. Ол 60-тан астам елде 1000-нан астам өнеркәсіптік нысанды жобалап, олардың құрылысына жетекшілік еткен.