«Самұрық-Қазына» демеуімен Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына қан құрамын өңдеуге қажет «RADGIL 2» қондырғысы табысталды. Аппарат құны – 228 миллион теңге.
Құрылғы арқылы қатерлі ісікке шалдыққан 2000 балаға ем жасалады. Заманауи медицина техникасы халықаралық стандарттарға сай, онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеу бойынша үздік нәтиже көрсеткен.
«RADGIL 2» қондырғысы қан компонеттерінің айналмалы ыдыста біркелкі сәулеленуін қамтамасыз етеді. Арнайы жасалған сыйымдылық бір уақытта бірнеше контейнерді өңдеуге мүмкіндік беріп, тромбоциттердің агрегациясын болдырмайды.