Кездесуде банк пен Қордың портфельдік компаниялары арасындағы іске асырылып жатқан жобалар да талқыланды. Бұдан бөлек, жекешелендіру және трансформациялау салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері сөз болды.
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев еуропалық серіктестерге қазіргі таңда Қор тобында көміртектен арылу тұжырымдамасы әзірленіп жатқанын жеткізді. Онда бұл мәселені карбондық ізді бағалау әдістемесінен бастап, қаржыландыру мен технология тарту және қоғамдық сананы өзгертуге бағытталған шараларды қамтып, кешенді түрде реттеу қарастырылады.