Құжатқа сәйкес, «Кедентранссервис» АҚ, Xi'an Free Trade Port Construction and Operation Co (ҚХР, Сиань порты), Баку теңіз сауда порты және «SK-AIH Investment Fund» Ltd. бірлескен инвестициялық қорының қатысуымен Әзербайжан аумағында бірлескен кәсіпорын құру көзделген.
«Бірлескен қордың портфеліндегі алғашқы жобаның Әзербайжан аумағында жүзеге асырылуының мәні зор. Әрі негізгі қатысушылардың бірі – біздің Қытайлық серіктестеріміз (Сиань порты), бұл Қытаймен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және кеңейтуге жол ашады», – деді «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов.
Терминал ТХКМ бағытын дамытудағы негізгі нысандардың бірі болады.