К 30-летию Независимости Казахстана | 24 қыркүйек 10:34

Самұрық-Қазына және ҚазМұнайГаз омбудсмендері жұмыс сапарымен ПМХЗ-да болды

ПМХЗ-да «Самұрық-Қазына» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ омбудсмендері – Серікбай Трұмов пен Еркін Рахымбергенов зауыт қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілге зауыттың негізгі өндірістік алаңдары, сондай-ақ әлеуметтік нысандар көрсетілді. Олардың ішінде: өндірістік бөлімдердің әкімшілік ғимараттары, инженерлік-оқу орталықтары, асханалар, жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету орталығы.

Экскурсия және негізгі өндіріс орындары мен цехтардың қызметкерлерімен кездесу барысында инспекторлар кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек, тұрмыс және демалыс жағдайларымен танысты.

 

Омбудсмендердің барлық сұрақтарына ПМХЗ бас директорының міндетін атқарушы Сергей Петрук, бас директордың корпоративтік функциялар жөніндегі орынбасары Арман Шабанов, сондай-ақ персоналды басқару және еңбекақы төлеу департаментінің директоры Татьяна Жданова, кадр жұмысы басқармасының басшысы Гүлнар Еспаева және «Мұнай өңдеуші» жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы Мирас Хамитов.

Қор мен ұлттық компания өкілдерінің жұмыс сапары сындарлы түрде өтті. Оның нәтижесі Павлодар мұнай-химия зауытында жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясатқа берілген жоғары бағасы болды.