Қордың компаниялар тобы мен PIH газ өңдеу зауыттарын, «Ақтөбе-Қостанай» магистральды газ құбыры мен «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының екінші желісін, Қызылорда облысында бу-газ қондырғысын салу бойынша және басқа да жобаларды іске асыруда.
Наурызда Қазақстан мен Катар билігі арасында басым салалар бойынша жобаларды дамыту үшін ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестік орнату туралы келісімге қол қойылды.
Power International Holding – Катардың ірі конгломераты. Холдинг құрылыс, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, денсаулық сақтау сияқты салаларды қамтиды.