Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы зейнеткерлердің өмір сапасын арттыруға және егде жастағы адамдарды қолдауға бағытталған. Үш қабатты ғимарат 200-ге жуық адамды қабылдай алады.
Орталықта қариялар денсаулыққа қатысты кеңес, психологиялық қолдау алып, түрлі курстан өтіп, үйірмелерге қатыса алады. Уақытты жайлы өткізу үшін фитокабинет, тұз бөлмесі, йога мен би залдары, спорт залы, қолөнер және музыка кабинеттері, бассейн, монша және басқа да бөлмелер қарастырылған. Мекеменің салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен «Samruk-Kazyna Trust» қамқоршылық кеңесінің мүшесі Нариман Мелдебек қатысты. Кешеннің құрылысына 249 млн теңге бөлінді. Нысанды қажетті жабдықтармен қамтамасыз етуге жергілікті «Жамбыл Даму» қоры атсалысты.