К 30-летию Независимости Казахстана | 31 марта 12:08

«Самұрық-Қазына» жасанды интеллект көмегімен 15-тен астам жобаны жүзеге асыруда

Алматыда IT-компаниялар, стартаптар мен AI саласындағы сарапшылардың қатысуымен жасанды интеллект бойынша AlmatyFair.ai көрмесі өтті. Шара барысында «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қазақстан және Өзбекстан президенттеріне Қор тобындағы жасанды интеллект жобалары туралы айтты.

Қазіргі уақытта ЖИ қолданылатын 15-тен астам жоба жүзеге асырылуда. 2025 жылы іске қосылатын жобалардың негізгілері:

Кен орындарының цифрлық сыңарлары Өндірістік нысандарды уақтылы жөндеуге арналған болжамды аналитика Энергия тұтынуды жетелі бөлу және желілердегі тепе-теңдікті сақтау Жарақаттану деңгейін төмендететін автоматтандырылған интеллектуалды қауіпсіздік жүйелері Көмір сапасын анықтап, логистиканы оңтайландыруға мүмкіндік беретін интеллектуалды жүйелер.

Сондай-ақ, Жақыпов Қорда өндірістік және корпоративтік тапсырмаларды орындау үшін виртуалды ассистенттер қолданылатынын айтты. «Самұрық-Қазына» қорының портфельдік компаниясы – ҚТЖ өндіріс барысында ішкі нейрожүйе қалай қолданылатынын көрсетті. Жүйе теміржолшылар пайдаланатын 5 мыңнан астам нормативтік-техникалық құжатты өңдеп, теміржолдағы қауіпсіздікті арттыру және қызметті жақсарту үшін оңтайлы шешімдер ұсынады.

 

Өз кезегінде, «Қазақтелеком» басшысы пилотсыз басқарылатын көлікке арналған өнеркәсіптік Private 5G желісі туралы айтты. Ол тау-кен өндірісінде пилотсыз карьерлік жүк түсіретін көліктерді басқару үшін қолданылады.

Сондай-ақ, мектептердегі i-Mektep бейне аналитика жүйесі таныстырылды. Бұл жүйе ғимараттағы адамдардың мінез-құлқын талдап, қауіпті немесе қаруланған адамдарды анықтауға, оқушылар мен мұғалімдердің келуін тіркеуге мүмкіндік береді.