Бүгін Астанада «Самұрық-Қазына» қоры компаниялар тобындағы Жұмысшы мамандықтары жылын қорытындылауға арналған салалық форум өткізіп жатыр.
Шараға 1000-ға жуық адам қатысуда. Атап айтқанда: Парламент және министрлік өкілдері, компания басшылары, еңбек қауіпсіздігі саласының мамандары, HR-сарапшылар, оқытушылар мен білім беру ұйымдарының, кәсіподақтар, жастар жобалары мен әлеуметтік бастамалардың өкілдері, сондай-ақ өңірлерден келген қонақтар.
Форум бағдарламасы бойынша панельдік сессиялар, шеберлік сабақтары, жобалардың таныстырылымы және өндіріс саласындағы үздік қызметкерлерді марапаттау жоспарланған.
Жұмысшы және өндірістік мамандықтар - «Самұрық-Қазына» компаниялары тобының тұрақты дамуының басты құндылығы әрі негізі.