К 30-летию Независимости Казахстана | 09 қаңтар 11:07

«Самұрық-Қазына» Италиямен ынтымақтастықты кеңейтуде

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Италия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Марко Альбертимен кездесу өткізді.

Италия Қазақстанның үш ірі сауда серіктесінің бірі болып табылады. Қор тобы итальяндық компаниялармен табысты ынтымақтастықта. Мұнай-газ жобаларындағы стратегиялық серіктестердің бірі – Eni, итальяндық Ballestra технологиялары Қазатомөнеркәсіп пен Samruk-Kazyna Ondeu жобаларында қолданылады.

Кездесуде ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

 

Нұрлан Жақыпов бірқатар салалар бойынша ынтымақтастықты кеңейтудің елеулі әлеуетін атап өтті. Тараптар барлық өзара тиімді салаларда белсенді серіктестікті жалғастыруға келісті.