К 30-летию Независимости Казахстана | 03 мая 19:10

«Самұрық-Қазына» қайырымдылық марафонында 250 млн теңге жиналды

Елордадағы Ботаникалық саябақта қордың ауқымды қайырымдылық шарасы - жыл сайынғы төртінші Charity Samruk Marathon өтті. Марафонның мақсаты — ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға қаражат жинау.

Биыл шамамен 250 млн теңге жиналды. Бұл қаражатқа «Samruk-Kazyna Trust» қоры арқылы 10 жаңа инклюзияны қолдау кабинетін ашу жоспарланып отыр. Алдыңғы марафондардың қорытындысы бойынша осындай 15 кабинет ашылған еді. 

 

Спорттық шара биыл төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Әлеуметтік бастамаларды қолдауға дайын қатысушылардың саны да жыл сайын артып келеді. Биыл жарыс жолына 3000-нан астам адам шықты. Қатысушылардың мамандықтары мен жастары әртүрлі болғанымен, барлығының мақсаты бір - қайырымдылық. Марафоннан түскен қаражат толықтай мектептерде инклюзияны қолдау сыныптарын ашуға жұмсалады.

16–29, 30–39, 40–49, 50–59 және 60+ жас санатындағы қатысушылар 2,5 км, 5 км және 10 км қашықтықтарда, сондай-ақ 2,5 км скандинавиялық жүріс бойынша бақ сынасты. 

IV Charity Samruk Marathon қорытындысы  t.me/samrukkazynaofficial