Қазақстанның 22 қаласы мен ауылында бочча, жүзу, футбол, хореография, тхэквондо сияқты шамамен 90 инклюзивті спорт секциясы жұмыс істеп тұр. Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін инклюзивті спортты дамытуға қолдау көрсеткен «Samruk Business Academy» ұйымы «Samruk-Kazyna Trust» қорына 198 млн теңге бөлді.
Ерекше қажеттіліктері бар балалар денсаулығын нығайтып қана қоймай, жаңа достар тауып, чемпион атануда. Мысалы, Astana 2025 World Boccia Challenger турнирінде жобаға қатысатын үш спортшы жүлделі орындарға ие болды.
Жалпы, соңғы үш жылда Қордың қолдауымен: 90 мыңнан астам бала тегін жаттығатын 15 спорт кешені; Қазақстанда ерекше балаларға арналған алғашқы велоспорт секциясы ашылды.
Жыл соңына дейін Тараз бен Шымкентте ұзақ өмір сүру орталықтарын, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында жаңа спорт кешендерін ашу жоспарланған.
«Самұрық-Қазына» еліміздің әр азаматының спортпен айналысуына жағдай жасайды.